Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналды -ҚР Президенті

«Біз тарих үшін қысқа ғана кезеңде миллион тұрғыны, сәйкесінше инфрақұрылымы бар, назарын өзіне аудартатын маңызды оқиғалар өтер, әлемге танымал қалаға айналған жаңа елордамыз - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жиналып отырмыз. Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналды», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Осы ретте Мемлекет басшысы елорданың мән-мағынасын сипаттап беру үшін танымал америкалық журналистің айтқан сөзін мысалға келтірді. «Меніңше, қала біздің барлық отандастарымызды қуантып, қонақтарымды таң қалдырып отыр. Танымал америкалық журналист Ларри Кингтің: «Бүкіл тарихта қалаларды жаулап алады, ал Қазақстан қала салады», деген сөзі жадымда қалыпты.
Меніңше, бұл сөз арқылы барлығы айтылған», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев осынау сәулетті қаланы салуға әрбір қазақстандық еңбек сіңіргенін баса айтты.
inform.kz
inform.kz