Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Бүгінгі жиынға депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда келген.

Сонымен қатар Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, мемлекеттік ұйымдар басшылары, азаматтық қоғам өкілдері де қатысып отыр.
01 қыркүйек 2022 ж. 144 0