Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз. Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс -, деді Мемлекет басшысы.
01 қыркүйек 2022 ж. 244 0