Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллиардтаған шығынға батып жатырмыз – Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгро» холдингіне қатысты шара қолдануды тапсырды

Миллиардтаған шығынға батып жатырмыз – Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгро» холдингіне қатысты шара қолдануды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығын сынға алды. Оның айтуынша, «ҚазАгро» компаниясының жинақталған шығыны өткен жылдың аяғында 120 млрд. теңгеден асқан

Мемлекет басшысы «ҚазАгро» холдингіне шетелдік жетекші менеджерлерді тарту туралы ойлауды тапсырды. 
«ҚазАгроға» қатысты шаралар қабылдау қажет. Бұл осы структурада басшылығының біліксіздігін көрсетеді. 2018 жылы ҚазАгроның шығыны 120 миллиард теңгеден асты. Артық сұрақтар мен түсініктемелер қажет емес. Компанияны тез арада реформаландыру керек», - деді Мемлекет басшысы дүйсенбі күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Тоқаев үкіметке осы мәселені шешу үшін екі ай ішінде нақты ұсыныстарды дайындауды тапсырды.
«Әрбір ұлттық холдинг немесе ұлттық компания Қазақстан мен оның азаматтарына пайда әкелуі керек. Квазимемлекеттік сектор компанияларының жұмысын қадағалау және оған баға беру уақыты келді. Квазимемлекеттік компаниялардың шығынын ұмытып, керісінше олардың бізге кіріс әкелуі үшін жұмыс жасауымыз керек», – деді Тоқаев.
15 шілде 2019 ж. 783 0