Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев мораторий жариялады

Тоқаев мораторий жариялады

Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген қызмет түрлеріне ревизия жүргізуді тапсырдыНҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды. Экономиканың жүйелі бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын естен шығармаған абзал. Дәл осы себептен мемлекеттің экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл жеке инвестициялар мен шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді", - деді Тоқаев ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.
"Роботтандыру мен жасанды интеллект" - Тоқаев Қазақстан армиясын қалай өзгертпек?
Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген барлық қызмет түріне ревизия жүргізіп, оларды қысқартуға қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
"Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын", - деді президент.
Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.
https://sputniknews.kz
24 мамыр 2019 ж. 1 178 0