Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Бірде-бір азамат мемлекеттік органдардың сылбырлығынан зардап шекпеуі керек

Тоқаев: Бірде-бір азамат мемлекеттік органдардың сылбырлығынан зардап шекпеуі керек

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін бірде-бір азаматтың мемлекеттік органдардың сылбырлығынан зардап шекпеуі керектігін тапсырды, деп жазады Stan.kzақпарат агенттігі. 

Үкіметке осындай тапсырма берген мемлекет басшысы бұл мәселені өз бақылауына алатынын айтты.
«Әр емхана мен аурухана өздерінің деректерін локальды жинайды. Цифрлауды ұйымдастыру міндеті – ұйымдар арасындағы деректерді жылдам алмасу, процесті автоматтандыру, медицина қызметкерін өздерінің міндетіне кірмейтін қызметтерден босату. Шын мәнінде, бізде әлі күнге дейін бұл мәселе шешілген жоқ», - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев  сондай-ақ, денсаулық сақтауды цифрландырудың медициналық прогрестің негізгі үрдісі болып табылатынын айтты. Бірақ, ол оның даму қарқынына көңілі толмайтын жеткізді.
Тоқаевтың сөзінше, бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін кейінге қалдыру себептерінің бірі болды. Яғни, президент деректер базалары арасында әлі де интеграция жоқ дейді.
http://stan.kz/
22 мамыр 2019 ж. 860 0