Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметке жастарды тартамыз

Үкіметке жастарды тартамыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет құрамына  жастарды тартамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі."Біздің заңнамамызға сәйкес Үкімет отставкаға кетпейді. Дегенмен, нақты-нақты кадрлық ауыс-түйіс болады. Бұған дейін атап өткенімдей, Үкіметке жаңа тұлғалар, оның ішінде жастар өкілі тартылады. Меніңше, барынша қабілетті кадрларды тарту қажет", - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев "Президенттік кадрлық резерв" дайындауға уәде бергенін еске салды. Оған  еліміздің барлық өңірлерінен 300 адам кіретінін атап өтті. "Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бұл догма емес. Дегенмен, басты мақсат - жастарды мемлекетті басқаруға тарту",- деді ҚР Президенті.
https://www.inform.kz
10 маусым 2019 ж. 1 019 0