Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамара Дүйсенова: «Әйелдер зейнетке 52,5 жаста шыға алады»

Тамара Дүйсенова: «Әйелдер зейнетке 52,5 жаста шыға алады»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің 58 жастан зейнетке шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.
Министр «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болған «Жедел желі» бағдарламасында зейнет жасына қатысты заңды түсіндіріп берді.

Мен 58 жасқа түсіруді талап етіп жатқан қоғам белсенділерімен кездестім. Осы тұста бір айта кететін жайт бар. Мәселен қазіргі заң бойынша әйелдердің зейнетақы жарнасы болса, онда 52,5 жастан, ал егер 5 баласы болса, 53 жасынан зейнетке шыға алады,

— деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ ол зейнетке 58 жастан шыққысы келетіндер туралы да айтты.

Қазіргі кезде ынтымақтастырылған жүйеден төленетін зейнетақы көлемі азайып келеді. Себебі еңбек өтіліңіз аз. Мысалы еш жерде жұмыс істемеген азамат болса, оның зейнетақысы 24 мың теңге болады,

— деді министр.

Оның айтуынша, қазір әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетіп, ең аз зейнетақы төлеу әлде тек зейнетақы көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған дейін зейнеткерлік жасы төмендемесе де, зейнетақы қосылатынан айтқан еді.

aqmeshit-zhastary.kz​​​
20 қыркүйек 2022 ж. 258 0