БАҚ өкілдерімен кездесті

Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсаттарды талқылау.
Кездесуді «Сыр Медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары Дәурен Омаров келген қонақтарды қатысушыларға таныстырды. Мұнан соң кездесуді «AMANAT» партиясы Қызылорда халалық филиал Атқарушы хатшысы Шәріп Әкбарұлы Әбдрахманов жүргізіп, кездесудің мақсатын баяндап, жолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Дүйсенбайұлы Жолдауда көтерілген басым бағыттарына тоқталып, өз пікірін ортаға салды.
Кездесудің пікіралысу барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік тұрғыдағы ұсыныстарын жеткізді. Атап айтар болсақ, өңірімізде егілетін ауылшаруашылық өнімдерін өз өңірімізде өңдеу, өндіріс орындарын дамыту, жаңадан жұмыс орындарын ашу мәселелеріне баса назар аудару ұсынылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер партия филиалы арқылы назарда болады.
syrboyi.kz