Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Өнеркәсіпте тұрақты өсу бар

Қызылорда: Өнеркәсіпте тұрақты өсу бар

Экономикалық ахуалды жақсартудағы берілген тапсырмалар өңірде толық іске асырылып жатыр. Ұсынған деректерге сүйенсек, өнеркәсіп өндірісінде өсім байқалады.

Биыл Қызылорда қаласында өнеркәсіп өнімінің көлемі 487 775,9 млн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 90,3 пайызға артқан. Ал кен өндіру өнеркәсібінде 2586,3 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 88,2 пайызды құрады. Табиғи газ бойынша 354,7 млн текше метр өндірілді. Сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп саласында құны 37 510,7 млн теңгені құрайтын өнім өндірілген. Тиісінше, бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 7,7 пайызын құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – елімізде алдыңғы орынға шығарылып отырған мәселелердің бірі. Сондықтан, шаһарда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында түрлі жобалар қолға алынды. Нәтижесінде шағын кәсіпкерлік саласында да оң теңденция қалыптасып келеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар қатары да артқан. Бұған дәлел биылдың өзінде қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғымен салыстырғанда 125,4 пайызға артқан. Дәлірек айтсақ, қалада 36 614 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 28 357 нысан. Сондай-ақ, осы жылы «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы аясында құны 228 млн теңгені құрайтын 2 жоба қолдау тапты. Алдағы уақытта басқа жобалар да жоспарға сәйкес іске қосылатын болмақ.

kyzylorda-news.kz
13 қазан 2022 ж. 379 0