Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық өнертапқыш тың жоба ойлап тапты

Қызылордалық өнертапқыш тың жоба ойлап тапты

Қызылорда қаласының тұрғыны Марат Палмахов бүгін өзінің өнер туындысын патенттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнертапқыш бұл туындысы арқылы алыстағы ауылдарды электр қуатымен және сумен қаматамасыз етуді жоспарлап отыр. Қызығы ол бұл үшін қарапайым заттар мен құралдарды пайдаланған.

Бұл құрылғыны іске асыру үшін 9 жыл уақытым кетті. Құрылғының атын- "Палмер-2" деп атадым. Негізгі мақсаты-энергия өндіру. Ол үшін ешқандай шығын шықпайды. Бар жоғы 3 литр су болса болғаны. Диаметрі 52 см болатын шеңбер, 12 вольттық аккумулятор керек. Сол арқылы генератор үздіксіз жұмыс істейді, – дейді ол.
Бұдан көп мөлшерде энергия алу үшін генератордың көлемін сәл үлкейтсе болды дейді өнертапқыш. Сол арқылы кез келген тоқты қалағанша пайдалана алады.

Бұл жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Солардың ішінде елдің беделді университеттері, соның ішінде Nazarbaev университеті бар.
27 қазан 2022 ж. 294 0