Шижаға ауылының тұрғыны 87 жастағы Амангелдиев Махсұт мен 84 жастағы Аханов Сексенбай ақсақал N26 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Қарт кісілер өз таңдауларын жасап, батасын берді. N 26 сайлау комиссиясының ұйымдастырған сый сияпаты табысталды. Дауыс беруге келген қарттарға шапан жабылып, ілтипат көрсетілді.