Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық журналистер үздік атанды

Қызылордалық журналистер үздік атанды

ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Тәуелсіздік күніне орай БАҚ өкілдері арасында байқау өткізді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің жол саласына қатысты тақырыпта қалам тербеген қаламгерлерден конкурсқа барлығы 285 материал келіп түскен. Соның ішінде, «Ең үздік телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша «Qyzylorda» облыстық телеарнасының редакторы Дәулетхан Ағайдаровтың «Жолшының бір күні» атты репортажы қазылар алқасымен үздік деп танылды. Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған әріптесімізге орталықтың бас директоры Замир Сағынов 200 мың теңгенің сертификатын табыстады. Сондай-ақ, «Сыр бойы» газетінің тілшісі, жас публицист Ержан Қожас «Әлеуметтік желідегі үздік жазба» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынға берілген 150 мың теңгенің қаржылай жүлдесін иемденді. Осылайша өңір жолдарын саралап, жолшылар жұмысын насихаттаған қызылордалық журналистер қаламгерлер аламанында оза шауып, аймақ мерейін үстем етті. Жүзден жүйрік шыққан әріптестерімізді осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.

kyzylorda-news.kz
15 желтоқсан 2022 ж. 300 0