Қызылордада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының шешіміне сәйкес 11.01.2023 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің 0-4-сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулеталиев.Айта кетейік, бұл тек бүгінгі күнге қабылданған шешім. Ары қарайғы оқу форматы қосымша хабарланатын болады.
kyzylorda-news.kz