Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Әбсұлтанов аудандық статистика басқармасының басшысы қызметін ұзақ жылдардан бері атқарып келе жатқан Еламан Қапановты қабылдап, 60 жас мерейтойымен құттықтады. Қайрат Байғабылұлы мерейтой иесіне статистика саласына қосқан елеулі еңбегі үшін алғысын білдірді.
«Мемлекеттік басқару жүйесіндегі айрықша маңызды салада тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлаудағы ерең еңбегіңізге сәттілік тілеймін. Өзіңізді ұзақ жылдарғы қажырлы қызметіңізбен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан елжанды азамат ретінде құрметтеймін»,-деді Қ. Әбсұлтанов.
Айта кетейік, Еламан Сәдібекұлы еңбек жолын әртүрлі салаларда экономист болып бастап, кейінірек Арал ауданының әкімдігінде жауапты жұмыстар атқарған. 2000 жылдан бастап Арал ауданының Статистика басқармасының басшысы лауазымында қызмет етіп келеді.

"Толқын" ақпарат
04 ақпан 2023 ж. 238 0