Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ СТАТИСТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ СТАТИСТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал аудандық Статистика басқармасының қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
Салтанатты шарада Серік Сағитжанұлы аталған сала мамандарын бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Статистика бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы. Сала қызметкерлерінің ынтымақты жұмысы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға мол мүмкіндік береді. Осы орайда Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді. Әр күнгі тынымсыз істеріңіз арқылы Сіздер ауданымыздың дамуына сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер»,- деп ізгі лебізін білдірді.
Кәсіби мерекеге орай аудан әкімі С. Сермағамбетов статистика саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге құрметін көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады.
09 қараша 2022 ж. 339 0