Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Аралда энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Энергетика – қашанда әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш, әрі экономиканың негізгі діңгегі болып саналады. Өңіріміздің өсіп-өркендеуіне энергетика саласы қызметкерлері де зор үлес қосып келеді.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов энергетика саласы мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Сіздер күнделікті тұрмыста, тұрғын үйлердің және кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жолында тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Жауапкершілігі зор қызметте абыройларыңыз арта берсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыстар тілеймін!»- деп ізгі лебізін білдірді аудан әкімі.
Кездесуде ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан сала үздіктеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.


kyzylorda-news.kz
21 желтоқсан 2021 ж. 749 0