Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау-2023: Қазақстанда 12 миллионнан астам сайлаушы тіркелді

Сайлау-2023: Қазақстанда 12 миллионнан астам сайлаушы тіркелді

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы жариялаған ақпаратқа сай, Қазақстандағы сайлаушылар саны 12 032 550 адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұйым психикалық немесе психологиялық кемістігі бойынша сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылғандарды және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандарды қоспағанда, 18 жасқа толған барлық азаматтардың дауыс беруге құқығы бар екенін еске салды.

Дауыс беру күні тұрақты тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс бере алмайтын сайлаушылар өздерін уақытша тұратын жері бойынша сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы өтінішпен сайлау күніне 30 күннен кешіктірмей әкімдіктерге жүгіне алады.

Сонымен қатар сайлаушылар дауыс беру күнінен кейін 15 күн ішінде кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік беретін сырттай дауыс беру сертификатын сұрай алады. Денсаулығына байланысты және шалғай елді мекендердегі сайлаушыларға көшпелі дауыс беруге жағдай жасалған.

Айта кетсек, заң талабына сай арнайы сайлау учаскелері құрылды. Сайлау құқығы бар, сайлау учаскесінің аумағында тұратынын растай алатын сайлаушылар тізіміне енгізілмеген сайлаушыларды тиісті учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күніне дейін немесе сол күні сайлаушылар тізіміне қосуы мүмкін.
06 наурыз 2023 ж. 397 0