Президент Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент халықты Наурыз мейрамымен құттықтаған сәт (Алматы. 2022 жыл)
– Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын! – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.