Белін бүккенге береке бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Сонымен қатар ауыл-аймақтарды кешенді түрде өркендету аса маңызды» деген болатын.
Шындығында бұл тапсырма қарапайым халықтың қажеттілігі үшін туындаған жағдайлардың алдын алудың бірден-бір жолы. Делдал арқылы жеткен азық-түліктің бағасы халықтың қалтасына салмақ салатынын ескерген Мемлекет басшысы осындай міндет жүктеп отыр. Әсіресе осындай жұмыстар біздің аудан үшін ерекше маңызға ие. Көп уақытқа дейін егіншіліктен кенже қалып келген аудан осы бағыттағы жұмыстарды мүлде жүргізбеді демейміз. Бірақ былтырдан бастап еңбек етсең қара жердің де асырайтынын жақсы түсіне бастады. Егісті алқаптарды ұлғайтуды жан-жақты қолға алғандықтан бірнеше рет ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп, тұрғындар төменгі бағада азық-түлік қажеттілігін өтеуге мүмкіндік алғаны белгілі. Себебі жергілікті өнім қай уақытта да тұрғылықты азаматтардың сұранысын өтеуге өте қолайлы.
Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, 1500 гектарға егіс егу жоспарланып, тиісті жұмыстар қазірдің өзінде басталып кеткендігінен оқырмандарымызды газетіміздің өткен санындарында да хабардар еткенбіз. Бүгін осы жұмыстың басы-қасында жүрген, егіншілікке баса ден қойған азамат Елтай Төреханов жайлы сөз етпекпіз.
Елтай – ауданның тумасы. Нақтырақ айтар болсақ, 1989 жылы Жіңішкеқұм ауылында туған ол 5 жасында Ақтөбеге көшіп кеткен. Қазірде 2 бала тәрбиелеп отырған кейіпкеріміздің сол жақта бақытты ғұмыр кешіп жатқан отбасы.
Былтыр аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен ауданда егіс алқаптарын ұлғайтып, Арал халқын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанынан хабардар болып, туған ауылы маңындағы Қайнар су ұңғымасының жанына егін егуді қолға алады. Қауын-қарбыз, қияр егумен өнімділігін тексеру мақсатында картоп та егіп көрген. Нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Елтайдың өнімдерін тұтынған аралдықтардың алғысын естіп, батасын алғанда еңбекке деген құлшынысы ерекше артып, осы істі одан әрі жалғастыруды көздеген еді.
Биыл да көктем келісімен туған топырағына бет алған Елтайдың биылғы тер төгетін жері Қамыстыбас ауылдық округі мен Қосжар ауылы ортасында болмақ. Нақтырақ айтар болсақ, Қамбаштан 7 км әріде орналасқан аумаққа егін отырғызу жұмыстарын бастап та кетті. Қауын-қарбыз, қияр, қызанақ, құлпынай да отырғызып көрмек ниетте. Өз сөзінде:
– Белін бүккенге береке бар. Қара жерге тер төксең еңбегіңнің құнын еселеп қайтарады. Мен оған көзім анық жетті. Былтырғы табысты тірлігімді көпшілік көрді, білді. Олардың қолдауы маған үлкен мотивация болды. Қаншалықты алыста жүрсең де кіндік қаның тамған топыраққа қызмет қылып, олардың қажетіне жараудан артық бақыт бар ма?! «Табалдырықтан биік тау жоқ» деген тегін айтылмаған ғой. Биыл да Аралдың аумағында маңдай теріміздің төгуге мүмкіндік туды. Бірінші кезекте бізді қолдаған аудандағы атқарушы билікке алғысымды білдіргім келеді. Өнімділігіміздің артуына олардың қолдауы мен сенімі көмек болып отыр. Қазірде трактор беріп, егіс алқабын егінге дайындап жатырмын. Жазғы демалыс кезінде отбасым да мектептен босап, көмектеседі, – дейді.
Осыған дейін де Ақтөбе қаласында егін егіп, осы саланың қыр-сырын меңгерген азамат болашаққа да жоспар құрып отыр. Алдағы уақытта өзіне тиесілі егістік алқабы берілсе деген сұранысы бар. Осындай жағдай жасалар болса жылыжай ашып, туған жерге келіп, егін, мал шаруашылығын қолға алсам дейді.