Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты

«Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады», – деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30% өскен.
«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20%, колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді», – деді үкімет басышсының орынбасары.
Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.
syrboyi.kz