Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қадірлі ағайын!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды қасиетті де ұлық мереке Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ораза айт күндері әрбір жан туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.
Барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам барша аудан тұрғындарының ауызбіршілігі мен татулығын, мейірімділігі мен жанашырлығын одан сайын еселей түседі деп сенемін.
Ендеше қасиетті Рамазан айынан кейін келген Мүбәрак Ораза айт мерекесі баршамыз үшін құтты болсын!
Халқымыздың ырыс-несібесі мол болып, ауызбіршілігі арта берсін! Баршаңызға мәнді де мағыналы ғұмыр тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Жұртымыз тыныш, Отанымыз аман, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтап, ынтымағымыз жарасып, Алла тағаланың құт-берекесі дари бергей!
Бірлігі бекем болып, тірлігі көркем айдынды Аралымыз өркендей берсін!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
21 сәуір 2023 ж. 316 0