Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қытай телеарнасынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

Бүгін Қытай телеарнасынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.

Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.
12 мамыр 2023 ж. 153 0