Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің 4 маусым–Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің 4 маусым–Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтауы

Ардақты ағайын!
Баршаңызды  ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет мәртебесін айқындайтын негізгі құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақыт тезіне төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасатыны белгілі. Бұл ретте мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн бір сәтте ғайыптан пайда болмай, сан ғасырларлық ұлттық құндылықтар мен терең тарихымызға негізделіп бекіді. Олар – мемлекеттің кешегісін, бүгінін және ертеңін көрсетететін айшыққа айналды.
Бұл күндері өзге алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, талай елдің төрінде әнұраны шырқалып, көк туы желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние танып, мойындады десек артық айтқандық емес.
Бұл – әрбір қазақстандық үшін үлкен мақтаныш, зор абырой, ұлы бақыт деп білемін.
Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбіріміз үшін қасиетті борыш.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін.
Тәуелсіздігіміздің айбары саналатын Мемлекеттік Рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
04 маусым 2023 ж. 341 0