Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедейлікке жол ашатын жаман әдеттер

Кедейлікке жол ашатын жаман әдеттер

Сіз кедейшілік өмірге қандай жаман әдеттің ыңғай беретінін білесіз бе? Өзіңізді тексеріп, мұндай жаман әдеттен арылыңыз. Сол кезде байлық сіздің үйде тұрақтайды. Кедейлік ақшаның болмауы емес, ол адамның бойында болатын жаман әдет дағдыға да байланысты.
Көпшілік жағдайда кедейлік ақшаның болмауы емес, адам бойындағы жаман әдет, дағдыдан туындап жатады.
Егер адам дәл осы қылықтарынан арылмаса, байлық та оның басына қонбайтыны анық. Мақалада тұлғалық өсім бойынша бағыт сілтейтін маман
Евгений Дейнеко талантты адамдардың кедейлікті тартатын жаман әдеттерді қайталап, нәтижесінде кедей болып қалатындығы туралы айтады. Өзіңізді тексеріп көріңіз!
Психологиялық тәжірибеден 12 жыл кедей адамдарға тән келетін әдеттерді танып білуіме жәрдемдесті. Кедей адамдар дәл осы әдеттерді қайталай беретіндігі өте таң қаларлық жайт. Ең  қызығы, талантты адамдардың да сол қылықтарды қайталауы. Өзімнің бақылаған дүниеммен бөлісемін. Тексеріп көріңіз.

1-әдет: кедей адам үнемі кінәлі адамды іздейді
Кедей адам ешқашан жауапкершілікті өзіне алмайды. Ол өзінің жеңілісінен гөрі айналасындағы адамдарды кінәлап шығады, оның қатарында әріптесі, тіпті бастығы болуы мүмкін. Оның ойынша: «осылар болмаса, әлдеқашан байып шыға келер едім», «бірдеңе жасауыма барлығы кедергі келтіріп жатыр».

2- әдет: уақытты созу
Бала кезден халық даналығын құлағымызға құйып өсірді, ол «жеті рет өлшеп, бір рет кес». Уақыт өтіп жатыр, ал сіз болсаңыз әлі өлшеп, кесіп-пішіп жүрсіз. Солай жүргенде біреу келіп, сізге тиесіліні алып кетеді. Кімде-кім қорықпай, көзді жұмып, тәуекелге барып алғашқы қадам жасаса, сол түбі жеңіске жетеді. Кедейдің ойлау жүйесімен өмір сүретін адам үнемі уақыт созғыш келеді, бұл еш жақсылық әкелмейтіні анық.

3- әдет: әрекет ету
Кедей адам тәуекелге бармайды. Олар көп болмаса да тұрақты кірісті қалайды. Осылайша, жалақыдан жалақыға дейін ілініп өмір сүреді.

4- әдет: тегін білім алу
Кедей адам әрдайым тегін семинарлар мен тренингтерге жазылады, көбісін тыңдап үлгермесе де шамадан тыс жазылып қоюға тырысады. Нәтижесінде адам оқу иллюзиясымен өмір сүреді де, іс жүзінде ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды. Табысты кәсіпкер болу үшін тек қана курс оқу аздық етеді, мақсатқа жету үшін жақсы қарым-қатынас та пайдалы. Тренинг бағасы тек қана табыстың көрсеткіші емес, сіздің уәжділігіңіздің де бағасы екені анық.

5- әдет: біреулерге еңбегі үшін ақы төлемеу
Кедей ойлайтын адам біреу арқылы өмір сүргенді ұнатады. Мәселен музыка, тренинг немесе компьютерлік бағдарламаларды ол торрент арқылы жүктейді. Оның фәлсафасы бойынша барлық ақылы қызметтерді қайткен күнде тегін пайдалану керек. Жалғандық және өзгенің зияткерлік әлеуетін ұрлау адамды мәңгілік кедейлікте өмір сүруіне итермелейді.

6- әдет: өзінен аяу
Адамдар өздерінің проблемаларын қоршаған ортадан көріп жататындығы жиі кездеседі. Мәселен, ол қолайсыз географиялық жағдайда дүниеге келуі, дене мүсінінің кемсіздігі, кедей отбасында дүниеге келуі, білімсіздігі, өзіне жайлы елде өмір сүрмеуі сынды себептерді алға тартады. Кедей адамның өзін мүсіркеудің ондаған себебі бар, ал өзіңді мүсіркеумен бақуатты бола алмайсың.

7- әдет: әрдайым ренішін білдіріп жүру
Қаражатыңның болмауы теріс көңіл күйдің себебі екендігі құпия емес. Кедейлерге қарағанда, байлыққа құмар жандар өздерінің армандаған мақсатындағы баспалдақтарды сәтсіздіктер деп қабылдайды, ол тағдырына мойын ұсынып, сұрамсақтануға дағдыланбаған. Кейде өзіңді өзгелер мүсіркегендігін қалау үшін іштегіңді айтқың да келеді. Алайда, мұнан жеңілдейтін ештеңе де жоқ. Бұған қоса, әмияныңдағы ақшаның көлемі де өзгермейді — ол болған жоқ, болмайды да.

8- әдет: өзгелердің не айтатынын ойлау
Табысты адам өзінің даралығын бағалай алады және қоршаған ортаның пікіріне тәуелді емес. Әдетте кедей адам керісінше, өзінің уақыты мен күшінің тырнаққа татымас бөлігін өзге адамдардың көз алдындағы беделін көтеруге жұмсайды. Бұған қоса, ол барынша табысты әрі мықты адамдарға еліктейді. Салыстыру оның пайдасына тиген емес, бұл оған тағы да бір жылап-сықтап шағымдануына тамаша мүмкіндік береді.

9- әдет: ақшаны бос шашу
Кедей адамда қаржылық стратегия болмайды. Оның мкқсаты – ақша табу және жұмсау. Еңбекпен келген ақша капиталдың жинақталуына мүмкіндік береді. Мұндай жағдайдағы олардың қате ойлауы: «Егер ақша жоқ болса, мен не істей аламын?». Ақша жоқ болғаннан кейін де адам болашақ туралы ойламайды. Бақуатты болатындар көп ақша табатындар емес, өз табысын ұтымды жұмсай алатындар.

10- әдет: әсіре пайданы ойлау
Кедей адамдар жаңаны үйренгісі келмейді, болашаққа жұмыс жасамайды, тек қазір ғана ақша тапқысы келеді. Бұл тұтынушы жағдайының жарқын үлгісі. Адам бірден бәрін алғысы келеді. Ол қыста көктемге қалдырмай еккен картобын тауысып жеп шығатын шаруамен тең.

11- әдет: ұнамайтын нәрсемен айналысу
Кедей адамда өзіне ұнамайтын жұмысқа барғаны үшін 10 кінәлі адам, 100 ақталу және 1000 себеп табылатыны сөзсіз. Ол бастығын жамандайды, жұманы асыға күтеді, десе де, дүйсенбі күні еріксіз жұмысқа аяқ басады. Осылайша ештеңені өзгертпей, жылдан жылға сол ісімен шұғылдана береді.

12-әдет: босқа уақыт жоғалту
Кедейлік кейіптегі адам «уақытты қалай өлтіруге болады?» деген сауалмен өмір сүреді. Алайда бұл сауал «мен уақытты қайткен күнде ұтымды пайдаланамын?» болуы тиіс. Нәтижесінде әр адам өзіне қажеттісіне қол жеткізеді: кедей адам өз уақытын жоғалтады, ал басқасы уақытын үнемді пайдаланып, байиды.

13-әдет: біреудің өмірімен өмір сүру
Кедейлерге қате ойлау тән: ол біреудің өмірін өзіне телу. Көптеген сериалдар, көркем әдебиеттер және жұлдыз тұлғалардың тарихы оларды осыған итермелейді. Біреулердің қызықты оқиғаларын ықыласпен көріп, өз жанкүйерлерінің табысын ойлап, қиял әлемінде өмір сүреді. Қорқыныш пен тәуекелге барудан бас тартады. Өз тағдырын жаңа кірпіштен қалап, құрастырғанды ұнатпайды.

Бәлкім, бұл сипаттаулардан сіз өзіңізді көрген болсаңыз, бұған бола қынжылмаңыз. Өзіңізде нені өзгерту қажеттігін осы мәтін арқылы біліңіз. Мақсатыңызға жетіңіз! Сәттілік!
reactor.inform.kz
05 ақпан 2019 ж. 1 678 0