Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметкерлерге сыйлықтар мен гранттар тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Баршаңызды бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Үздік журналистерді марапаттау шарасында Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Көпшілігіңізді сырттай танимын. Мақалаларыңызды оқып тұрамын. Еліміздің журналистика саласына жас мамандардың келіп жатқаны – өте жақсы үрдіс. Жазу стилі – ерекше, еркін, батыл, ұстанымы ашық тілшілер бұл кәсіпті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

«31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;

«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

«Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;

«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;

«Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;

«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«Время» газетінің шығармашылық ұжымына;

«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;

«Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;

«TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.
27 маусым 2023 ж. 171 0