15 мыңнан астам кітап цифрлы форматқа көшірілді

–Кітапхана келушілеріне дәстүрлі қызметпен қатар электронды каталогтар, виртуалды анықтама қызметі, құжаттарды электронды жеткізу, әдебиеттердің мерзімін онлайн ұзарту сынды қызметтерді көрсетеміз. Сондай-ақ кітапханаларды заманауи білім беру орталықтарына айналдыру мақсатында 78 coworking орталығы ашылып, келушілерге ыңғайлы жағдай жасалды. Бұдан бөлек, облыс кітапханаларында цифрлық ресурстарды және электронды дерекқорларды құруға бағытталған бірнеше бағдарлама құрылды. Бұл сирек кітаптар қоры мен өлкетану басылымдарын цифрландыру үшін тиімді болмақ. Жалпы жыл басынан бері 609 дана кітап цифрлы форматқа көшірілген болатын. Қазіргі таңда цифрландырылған кітап саны – 15 499 данаға жетті. Халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, биыл облыс кітапханаларында 5314 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 100 мыңнан аса адам қамтылды. Бұл жұмыстар жыл көлемінде үздіксіз жүргізілетін болады, - деді Айгүл Жанғабылова.
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі