Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мына мағлұматтар cіз үшін өте маңызды

Мына мағлұматтар cіз үшін өте маңызды

"Сіздің қанша жаста екеніңіз маңызды емес. Бірақ мына мағлұматтар Сіз үшін өте маңызды деп ойлаймын.Сонымен, Рим сенаторы Марк Катон грек тілін 80 жаста үйренген.
Сократ 70 жасынан бастап түрлі музыкалық аспаптарды тартуды үйреніп, тамаша жетістіктерге жеткен.
Өзінің ең жақсы шығармаларын Микеланджело 80 жасында жасаған. 
Гете "Фаустты" 80 жасында жазып бітірген.
Немістің тарихшысы Леопльд Ранке өзінің " Əлемнің тарихы" атты еңбегін 91 жасында аяқтаған екен.
Исаак Ньютон 85 жасында да тынбай жұмыс істеген.
Л.Н.Толстой 83 жасында шалғыорақпен шөп шапқанда, жас орақшылар жете алмаған екен. "Соғыс жəне бейітшілік" романының авторы сол жасында шайтанарбаны тақымдапты. Ең қызығы бір аяғымен 40 рет отырып-тұратын болған.
Американың Игорь Стравинский атты композиторы 88 жасында керемет шығармалар жазды.
Ақын Беранже 77 жасқа, Лев Толстой 82, Виктор Гюго 83, академик Иван Павлов 87, философ-драматург Софокл 90 жасқа дейін жұмыс істеген.
Философтар Диоген, Демокрит, суретшілер Тициан жəне Микеланджело 80 жастан асқанша өздерінің сүйікті істерімен айналысқан.
94 жасында Бернард Шоудың қаламынан керемет шығармалар туындаған.
Айтпақшы, жуырда америкалық ғалымдар европалық ғалымдармен бірігіп, "адамның миы 25-30 жасқа дейін емес, 50 жасқа дейін жетіледі екен" деген қызықты жаңалығымен бөлісті. (Мұны атам қазақ "алпыстан асқаннан ақыл сұра" деп баяғыда айтып кеткен).
Егер адам ақыл-ой еңбегімен айналысса, ми қартаймайды екен.
Мен мұның бəрін "қарттық" деген ауру болмайтынын білсін деп айтып отырмын. Əзірге тірі тұрғанымызда, əлі талай асуды бағындырып, қамал алуға, жан дүниемізді кеңейтуге мүмкіндігіміз бар екенін ұмытпайық! Жақсы күндер алда деп күтпей, соны бүгіннен бастаңыздар, - дейді белгілі психиатр Даниел Эймен".
alashainasy.kz
11 ақпан 2019 ж. 865 0