Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 754 кәсіпорны 19,4 мың жұмыскерге 5,7 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 833 нұсқама беріліп, 105,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,1 млрд теңге төленді.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі

13 қыркүйек 2023 ж. 119 0