Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Президент баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Танымал журналист Ержан Байтілес Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!», деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ержан Байтілес «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Egemen Qazastan» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер.

2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық «Egemen Qazastan» газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

2019 жылы Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болған.

2021 жылы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.
14 қыркүйек 2023 ж. 301 0