Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы күніндегі ұйымшыл ұжымның берекелі ісі

Отбасы күніндегі ұйымшыл ұжымның берекелі ісі

Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Соған сәйкес бұл күні "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық ХҚКО бөлімі де осы атаулы күнде мекемеге келген қызмет алушыларды "Отбасы күнімен" құттықтады. 
Әрбір жекелеген тұрғындар ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатынын көрсетіп отырған осындай ұйымшыл ұжымның берекелі ісіне риза болып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. 
"Толқын" ақпарат
11 қыркүйек 2023 ж. 124 0