Тәрбие – отбасынан басталады

Еліміздің ертеңгі ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің мақсатымыз деп ойлаймын. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді бала болашағын қалыптастыру әрбір ата – ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесіне тікелей ата – ана байланысты және де, мектепте жалғасады. Халық даналығында былай делінген «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң- онда бала тәрбиеле» .Сондықтан да бала тәрбиесіне сәби кезінен бастап көңіл бөлсек, ұрпақ тәрбиесі ұлағатты, тәрбиелі, парасатты, білімді, ақылды, мәдинетті болып өседі. Осындый саналы ұрпақ тәрбиелесек еліміздің болашағы зор әрі баянды болмақ.
Құлжұмырова Мерует,
№58 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі