Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 жастағы жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды

13 жастағы жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды

13 жасар Шымкент қаласының тұрғыны өртеніп жатқан үйге кіріп, тілсіз жаудың қоршауында қалған екі балақайды аман алып шыққан.Он үш жасар жасөспірім екі бірдей балақайдың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкентте Абай ауданы Құрсай шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, тілсіз жау шарпыған үйде үш бала қалып кеткен. Балалардың үлкені түтіннен құтылып шығып көршілерінен көмек сұрайды. 2005 жылы туған көршінің баласы анасына өрт сөндірушілерді шақыртуын сұрап, өзі еш қорықпастан өрт шыққан үйге қіріп кетеді. 13 жасар жасөспірім 2013 жылы туған қыз баланы және 2015 жылы туған ұл баланы үйден алып шыққан. Сол сәтте үйді толық өрт шарпыпты. Батылдығының арқасында 13 тегі бала екі бірдей балақайдың өмірін сақтап қалып отыр. Тілсіз жау тұтанған кезде үйде ата-анасы болмаған.
"Құтқарылған балалар қатты қорқып қалғаны болмаса, жағдайы қанағаттанарлық"- дейді мамандар. Өрт туралы 2019 жылдың 16 ақпаны сағат 16.39-да Шымкент қалалық ТЖД шұғыл басқармасының 101 нөміріне хабарлама кеп түскен. Нөмірі 1-ші өрт сөндіру қызметінің арнайы отрядының жеке құрамы барлығы 14 адам Жаңақұрылыс көшесіндегі уақытша үйден шыққан өртті ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрайды. Өрт сағат 18.30-да толық сөндірілді. Үйде ересектердің қарауынсыз үш бала болған. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр"-деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД. Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай шағынауданында төтеншеліктер бірнеше рет өрт қауіпсіздігі туралы рейдтер ұйымдастырған. Өйткені бұл елдімекен тұрғындары үй жылыту мақсатында қатты отынды пайдаланады екен. Мамандар қауіпсіздік шараларын ұмытпай, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
ernur.kz
18 ақпан 2019 ж. 1 164 0