Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп» жобасы аясында Арал ауданында 4 мектеп бой көтереді

«Жайлы мектеп» жобасы аясында Арал ауданында 4 мектеп бой көтереді

Арал ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын алғашқы 300 орындық мектептің құрылысы басталды.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жерлестерін құттықтады.«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Соның төртеуі Арал ауданында бой көтереді. Бүгін біреуінің іргетасын өздеріңізбен бірге қалаймыз. Өткен аптада Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында, бүгін міне, Арал ауданында білім ошақтарының құрылысын бастадық. Бүгінгі шара - интеллектуал ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ ісіміздің жалғасы. 300 орындық білім ордасы озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағатын мекен болғай. Ұлтымыздың дамуында маңызды рөл атқаратын бұл жобаның басы-қасында жүрген азаматтарға ісіне жауапкершілікпен қарап, құрылысты сапалы жүргізуді халық атынан аманаттаймын», - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, биыл облыста «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында білім саласында 2450 орындық 5 білім беру ұйымдарының ғимараттары пайдалануға берілді, оның ішінде Қызылорда қаласындағы 4 мектепке қосымша құрылысы және Қызылорда қаласы Жезқазған тас жолының бойында 600 орындық мектебі бар.
#AMANAT
02 қараша 2023 ж. 694 0