Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаза болған 5 қыздың әкесі: уақыт емші емес

Қаза болған 5 қыздың әкесі: уақыт емші емес

Балалардың әкесі трагедия болған түні қайда кеткенін айтты. Бес баласы өртеніп кеткен ата-ана трагедиядан кейін алғаш рет сұхбат берді.  Қыздар Астанадағы Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдегі өрт салдарынан көз жұмған болатын. Балалардың ата-анасының сұхбаты блогер Tanirbergen-нің YouTube-тегі арнасында жарияланды.  
Өрт балалардың әке-шешесі үйде болмаған кезде шыққаны белгілі, олардың екеуі де жұмысқа кеткен. Кейінірек желіде отағасы жұмыссыз болған деген сыбыс тарады. Ол блогерге сол түні қайда болғанын айтты.
"Көлікті жөндеуге алған едім, үлгере алмай, уақытынан екі апта кешіктірдім. Таңертең иесіне тапсыру үшін түнде жұмыс істеуге тура келді (...) 20 жылдан астам уақыттан бері автокөлік жөндеумен айналысып келемін, маған сенім артатын тұрақты клиенттерім бар, көлігінің бір жері бұзыла қалса, хабарласады", - дейді ол.
Қыздардың анасы олардың суреттерін көрсетіп, екеуі әрдайым бірге болғандықтан, суретте жақын тұрғанын айтты.
"Уақыт емші деп жатады. Мұндайды уақыт емдей алмайды", - дейді өлген балалардың әкесі.
Естеріңізге сала кетейік, трагедия қоғамдық резонанс тудырып, көптеген әлеуметтік мәселені қозғады. Осы жағдайдан кейін көп балалы аналар қала басшылығымен кездесуге қол жеткізді.
Қазақстанда балалар құқығын қорғайтын кеңес құрылды. Үкімет көп балалы аналарды қолдаудың жаңа тетіктерін қарастыра бастады. Сондай-ақ, өрттен балалар қайтыс болғаннан кейін төтенше жағдайлар комитетіндегі бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алып, біреуі қызметінен босатылды.
azh.kz
20 ақпан 2019 ж. 2 718 0