Төл теңге отызға толды

1993 жылы теңгенің айналымға енгізілуі барысында Ұлттық банктің «Арал есеп-айрысу касса орталығы» қызметкерлерінің 2 аптадай уақытқа созылған ақша алмасу процесі кезінде күндіз-түні қажымай жасаған еңбектері ерекше болды. Сол кездегі басшымыз Темірхан Мақсұтқалиев ағамыздың басшылығымен осындай қиын да жауапты істі абыроймен атқарып шықтық. Халықтың сандық түбіне жинаған азғантай қаражаттары санаған кезде қолды қиятындай жаңа күйде айналымнан шығып кете барды. Оның орнына біздің билеріміз бейнеленген су жаңа төл теңгеміз келді, яғни биылғы жылы - Ұлттық валютамыз Теңгенің айналымға шыққанына 30 жыл! Халықтың банкке және ұлттық валюта теңгеге деген сенімі мол болуы үшін ұлттық теңгеміздің тұрақтылығы сақталып, құны арта түсу керек.
Егеменді еліміздің және ауданымыздың экономикасының нығайуы мен дамуына бағытталған, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсалуына еңбек сіңіріп жатқан Қаржы саласы қызметкерлерін Ұлттық валюта Теңге күні мерекесімен құттықтаймыз!
Раш СЕРАЛИЕВА,
Арал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы