Астанада көп балалы отбасылар арендалық үйлерді сатып ала алады

Осы ретте әкім қала тұрғындарының көпшілігін алаңдатқан баспана мәселесін шешу механизмін қарастырып жатқандықтарын айтты.
«Оның ішінде, көпбалалалы аналарға пәтерлерді жалға беретін боламыз. Жалға беріп қана қоймай, оны бірте-бірте сатып алуына мүмкіндік жасаймыз. Яғни, енді ай сайынғы маңдай термен тапқан қаржыны пәтер иесінің қалтасына салмайды. Оны түбінде меншігіне өтетін өз шаңырағына құятын болады», — деді Б.Сұлтанов.