Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңдағы өзгерістер түсіндірілді

Заңдағы өзгерістер түсіндірілді

Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен актив отырысы өтті. Оған Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев арнайы қатысып, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Заңдары мен талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез-келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызмет сапасына байланысты.Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтауды талап етеді» - деді аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев  
 Ал, Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы туралы баяндады.
 Кездесуде жиынға қатысушылар заңдағы өзгерістер туралы сұрақ қойып, пікір алмасты.

Арал ауданы әкімдігінің ьаспасөз қызметі
17 қараша 2023 ж. 232 0