Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша мәжіліс өтті.
Алдымен басқосуды аудан басшысы ашып, алдағы қысқы мезгілде орын алуы мүмкін табиғи апатардың алдын алу және шұғыл түрде апаттың салдарын анықтау жұмыстарына дайын болу қажеттігін ескерте өтті.
Жиында екі мәселе қаралды.
«Жылу маусымының өту барысы және алдағы қысқа дайындық жұмыстары» жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ш. Есжанов баяндады.
Екінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Д. Шәкен «Қыс-2023» республикалық коммуналдық – штабтық оқу жаттығуын дайындау және өткізу туралы хабарлама жасады.
Аудан әкімі екі мәселені саралай келе, алдағы ауа – райын болжамдай отырып, құрылыс және жол салу жұмыстарын сапалы әрі шұғыл түрде аяқтауды міндеттеді.
Мәжіліс қорытындысымен, Серік Сағитжанұлы жауапты сала басшыларына арнайы техникаларды, апаттық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын толық дайындығын және «112» біріңғай кезекші диспечерлік қызметінің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді, жаяу жүргіншілер жолы мен аудандық маңызы бар автожолдардың қардан, мұздан тазалау үшін тайғаққа қарсы инертті материалдарды  алдын-ала дайындауды және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған авариялық-құтқару жасақтары дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
20 қараша 2023 ж. 371 0