Қызылордада шыны зауытының жанынан 8 ілеспе кәсіпорын құрылады

Зауыттың негізгі қуаттылығы 197 мың тонна. Кәсіпорын іске қосылғалы бері жобалық қуаттылықтың 85 пайызын игеріп, 167 мың тонна өнім шығарды.
«Шыны зауытының айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құруға мүмкіндік мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын құрылады», – деді аймақ басшысы.
Атап айтқанда, жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылып, шыны бөтелкелер және алғашқы айна зауытының құрылысы басталмақ. Бұл 3 жобаның жалпы құны 32,3 млрд теңге.
Сондай-ақ, Шиелі ауданында 1 млрд теңгенің әк және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару цехы іске қосылады.
Мұнан бөлек, аймақта алдағы жылы 27,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асып, 630 жұмыс орны құрылады.
Фото: