Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Парадан бас тартқан полицейлер марапатталды

Парадан бас тартқан полицейлер марапатталды

Қостанайда парадан бас тартқан полицейлер марапатталды. Жол-патруль полициясының екі қызметкеріне төсбелгі табысталды. Алайда қазақстандықтар мұндай рәсімді түсіне алмай дал.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қостанайда екі полицей парадан бас тартқаны үшін марапатталды. Алайда қоғамда осы жайтқа қатысты түсінбестік туындады. Ел тұрғындарының пікірі мынадай:
«Бұл олардың міндеті. Марапаттаудың қажеті қанша? Олар пара алмауға міндетті».
«Пара деген не? Адам заң бұзып, жазадан сытылу үшін пара береді. Солай ғой? Ал полицейлер өз жұмысын атқаруы тиіс».
«Оларда ұят болуы керек. Қайдағы төсбелгі? Бұл олардың жұмысы».
Жол полициясы Қажымұрат Жұмағазинов пен әріптесі Данияр Ермағамбетов «Адал жүрек» төсбелгісімен марапатталды. Мұндай марапат мемлекеттік қызметте адал қызмет еткені үшін және адалдық ұстанымдарын көрсеткені үшін беріледі. Рәсімді «Астана адалдық алаңы» облыстық жобалық кеңсе ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, тәртіп сақшыларын парадан бас тартқаны үшін ғана емес, ұзақ жылғы еңбегі үшін марапаттапты. Бұл белгінің мемлекеттік марапатқа еш қатысы жоқ.
Ал марапатталған тәртіп сақшыларының өзі 10 мың теңге көлеміндегі парадан бас тартқанымыз ерлік емес, дейді.
«Бұл фактіні еңбек деп санамаймын, бұл біздің қызметімізге кіреді. Берілген «Адал жүрек» төсбелгісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы болды. Бұл біз үшін де тосын жайт болды», – дейді жол-патруль полициясының взвод командирі Қажымұрат Жұмағазинов.
stan.kz
21 ақпан 2019 ж. 873 0