Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда өңірінде 1 күнде 11 ауыл және кент әкімдерінің сайлауы өтуде

Қызылорда өңірінде 1 күнде 11 ауыл және кент әкімдерінің сайлауы өтуде

Бүгін Қызылорда өңіріндегі 11 аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласында Тасбөгет кенті, Талсуат ауылдық округі, Арал ауданында Арал қаласы, Қаратерең және Қамыстыбас ауылдық округі, Қазалы ауданында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Майлыбас ауылдық округі, Сырдария ауданында Бесарық, Шиелі ауданында Бестам, Жаңақорған ауданында М.Нәлібаев ауылдық округінің әкімі сайланады.

Таңғы сағат 07.00-де учаскелерде дауыс беру басталып, алғаш болып келген сайлаушыларға сыйлықтар үйлестірілді. Сонымен қатар алғаш рет дауыс беруші, қарты сайлаушы және үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар да өз таңдауын жасады.

Таңсәріден бері дауыс беруге асыққан азаматтардың ішінде отбасымен бірге келген сайлаушылардың үлесі басым болды.

Олардың қатарында аралдық зейнеткер Шегебай Жанабаев та бар. Ол №42 сайлау учаскесіне отбасын ерте келіп, шөбересімен бірге өз таңдауын жасады.

– Әрбір сайлау біздің отбасы үшін маңызды. Балаларымды, немерелерімде сайлауға ерте баратын дәстүрім бар. Себебі балалар жастайын елдік істе әрбір дауыстың маңызды екенін сезінуі керек. Бүгін міне, ауданымызға жанашыр, туған жерін дамытуға ниетті азамат үшін дауыс бердім, – дейді ол.Барлығы 51 сайлау учаскесі құрылды. Мұнда 81 мыңнан аса сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Айта кету керек, сайлауда 32 азамат кандидат ретінде үміткер. Олардың 26-сы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша сайлауға түсуде.Еске сала кетейік, жыл басынан бері осы кезге дейін аймақта 26 ауыл әкімі сайланды.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сурет: syrboyi.kz
10 желтоқсан 2023 ж. 320 0