Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау нәтижесі белгілі болды

Сайлау нәтижесі белгілі болды

Арал ауданының Жақсықылыш кенті мен Ақирек ауылдық округі әкімдерінің 2022 жылғы 18 қыркүйектегі сайлауы өтті деп танылды.
Құрылған сайлау округтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 3411 адамды құрап, оның 2539-ы дауыс беруге қатысты. Оның ішінде Жақсықылыш сайлау округінде 2925 сайлаушының 2192-і қатысты, Ақирек сайлау округінде 486 сайлаушының 347-і қатысты. Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны – 54, оның ішінде Жақсықылыш сайлау округінде 35, Ақирек сайлау округінде 19.
Ұсынылған 9 кандидаттың 6-ы сайлау бюллетеньдерге енгізілді, оның ішінде Жақсықылыш сайлау округінде 4, Ақирек сайлау округінде 2.
Жақсықылыш сайлау округі бойынша дауыс беру қорытындысымен Жақсықылыш кентінің әкімі болып Пазылбек Скендрович Берсугуров сайланды, 1964 ж.т., Арал ауданының Жақсықылыш кентінің әкімі, Арал ауданының Жақсықылыш кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.
Ақирек сайлау округі бойынша дауыс беру қорытындысымен Ақирек ауылдық округінің әкімі болып Қайрат Қайроллұлы Аманжолов, 1974 ж.т., Арал ауданының Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Арал ауданының Ақирек ауылдық округі Ақбай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Аудандық сайлау комиссиясы
19 қыркүйек 2022 ж. 480 0