Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат "времянкада" тұрып жатқан көпбалалы отбасыға үй алып берді

Депутат "времянкада" тұрып жатқан көпбалалы отбасыға үй алып берді

Қостанай облысында "Нұр Отан" партиясы қолға алған "Бақытты отбасы" жобасының аясында бес баласы бар ата-анаға үйдің кілті табыс етілді, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.
Баспанаға мұқтаж отбасыны анықтау үшін партияның Таран аудандық филиалы ауылдағы ахуалды мұқият зерттепті.
"Смирновтар отбасының жағдайына назар аудардық. Олардың времянкасы Тобыл ауылынан оқшау орналасқан, ешқандай коммуникация жоқ. Тіпті электр жарығы болмаған", - деді "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Айнаш Даданова.
Партия өкілдері отбасыға жәрдем беруге мүмкіндігі бар кәсіпкерді іздейді. "БК-Стройпром" ЖШС шақпатас зауытының басшысы Сергей Ким бірден көмек қолын созыпты.
Сыйға берілген үйде бәрі бар – орталықтанған сумен қамтамасыз ету, жуынатын бөлме, әжетхана ішінде орналасқан. Төрт кең бөлмеде үш пен он үш жас аралығындағы бес бала емін-еркін тұратын болады. Отағасы Андрей Смирнов ауылда қолынан бәрі келетін шебер ретінде белгілі екен.
"Енді шаруашылықты қолға аламыз, - деп қуанды көпбалалы ана Елена. – Аулада жақсы сарай, монша бар. Көктем шыққан соң бақша өсірумен айналысамыз. Үлкен қызымыз үйді алыстан көріп, шыдай алмай, табалдырыққа дейін жүгіріп барды. Арманымыз орындалды. Сергей  Романович, "БК-Стройпром" компаниясы және президентімізге мың алғыс".
Жақында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Нұр Отан" партиясына қарасты жаңа сабағаттық-кеңесші орган құрылды – Республикалық балалар құқығын қорғау кеңесі. Партия мүшелері тұрмысы нашар, көпбалалы отбасыларды анықтап, бизнесмендерден көмектесуді сұрайды.
sputniknews.kz
22 ақпан 2019 ж. 1 015 0