Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-еуі ұл бала болса, 2-еуі қыз бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді.
Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.
Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.
Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.
Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Фото: egemen.kz
06 қаңтар 2024 ж. 371 0