Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылордада үшем дүниеге келді

 Қызылорда облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл - биыл өмірге келген алғашқы үшем. Үш қыздың анасы Жаңақорған ауданында тұратын Кәмила Шайжанова. Ол 1993 жылы дүниеге келген. Жолдасы - Өмірбек Үсенов екеуі бұдан бұрын дүниеге келген 3-5 жастағы екі қызды тәрбиелеп отыр.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, былтыр Сыр өңірінде 3 үшем, 132 егіз туған. Ал биыл жылдың басынан бері 28 егіз талай отбасының қуанышына айналды.
syrboyi.kz
23 сәуір 2019 ж. 865 0