Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген құжатта.

Фото: ашық дереккөз 

05 ақпан 2024 ж. 191 0