Президент әкімдердің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы шығарды

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 5 тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.