Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімнің орташа жалақысы кем дегенде 300 мың теңге болуы тиіс – жұмыс тобы

Мұғалімнің орташа жалақысы кем дегенде 300 мың теңге болуы тиіс – жұмыс тобы

Педагогтар заң жобасына 40 мыңнан аса ұсыныс жолдаған, соның 75 пайызы жалақы жайлыҰстаздардың орташа жалақысы 300 мың теңгеден кем болмауы керек. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын даярлау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері осылай деп отыр.

Қазіргі уақытта елімізде мұғалімдердің еңбекақысы орта есеппен –102 мың теңге. Заң жобасына қатысты Республиканың түкпір-түкпірінен педагогтар 40 мыңнан аса ұсыныс жолдаған. Соның 75 пайызы жалақы мәселесіне тіреліпті. Сондай-ақ, мұғалімдерді мектептен тыс жұмыстарға тарту да талқыға түсіп жатыр, деп хабарлады "Астана" арнасы. "Ұстазды өзіне қатысы жоқ жұмысқа тартатын болса, лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасалады. Екінші рет қайталанса, онда әкімшілік айыппұл салады. Оның мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25 250 теңгеге тең", - дейді ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева.
sputniknews.kz
26 ақпан 2019 ж. 1 222 0