Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 27 ақпан

Жұлдыз жорамал: 27 ақпан

Тоқты
Бүгінгі күн қызығы мен шыжығын өзімен бірге ала келмек. Алайда бәрі өз қолыңызда. Айналаңызда болып жатқан жағдайларды сабырмен қарсы алыңыз. Күннің ортасынан бастап жұмыстарыңыз реттеліп, көңіліңіз жәй табады.

Торпақ
Бүгінгі күніңіз сіздің істеген әрекетіңізге байланысты дамымақ. Жоспар бойынша жұмыс істеп, уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Кешке уақытыңызды өзіңізге арнап, демалғаныңыз жөн.

Егіздер
Күніңіз жақсы жаңалықтармен басталмақ. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Алдағы күндері өзіңізге мол қаражат керек болады.

Шаян
Күніңіз бір қалыпты өтпек. Өзіңіздің ақылыңыз бен біліміңізге сүйеніп бұрынан шешілмей жүрген мәселелердің басын ашуыңыз мүмкін. Кешіңіз роматинкаға толы болуы мүмкін.

Арыстан
Бүгін жаңа жобалармен жұмыс істеген өте тиімді болмақ. Нәтижесінде қомақты қаржыға кенелуіңіз мүмкін. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін әрекет жасап, алға жылжыңыз. Əр қадамыңызды ойлап басыңыз.

Бикеш
Күн басында мазасызданып, сабырыңыз қашады. Ненің қайдан басталып, қайдан аяқталарын білмей дал болуыңыз мүмкін. Алайда уақыт өте бәрі орнына келеді. Сабырмен барлық қиындықты шешкеніңіз абзал.

Таразы
Бүгін сіз ұшып, қонып жүріп біраз жұмыстарыңызды бітіріп алуыңыз мүмкін. Алайда, шаршағанан ішімдік ішкіңіз келіп, не болмаса танымайтын адамдармен роман құрғысы келетін егіздерден өте сақ болғаны абзал.

Сарышаян
Бүгін сіз асықпай жүріп жетістіке жетуіңіз мүмкін. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарды жіті ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз абзал. Жақындарыңызбен ренжісуден сақтаныңыз.

Мерген
Біріншіден көңіліңізді түсірмеңіз. Екіншіден өзіңізге жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Үшіншіден, сізді кез-келген жағдайда қолдайтын, көмектесетін адам іздеңіз. Бəрі жақсы болды.

Тауешкі
Тауешкілер ойламай шешкен істерінен болып үлкен қате кетіруі мүмкін. Алайда, уақыт өтіп бәрі қалпына келгеннен кейін, жіберген қателерді жөндеуге мүмкіндік туады. Жаңа жобалармен жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетесіз. Ең бастысы өзіңіздің күшіңізге сенгеніңіз дұрыс.

Суқұйғыш
Бүгін жұмыста да жеке өміріңізде де тың өзгерістер болып жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Алайда сізге не маңызды екенін шешіп алғаныңыз дұрыс. Сөйлескіңіз келмеген адамдармен тіл табысуыңызға тура келеді. Сапарға шығудан аулақ болғаныңыз абзал.

Балықтар
Үміт артқан адамдарыңыздан көңіліңіз қалуы да мүмкін. Алайда күн ортасында жаңа жұмыстар бастап, жетістікке жетуіңіз мүмкін. Кей қиындықтардың шешімін уақытқа қалдырып, сабыр сақтағаныңыз жөн болмақ.
www.qazbrand.info
27 ақпан 2019 ж. 2 130 0